Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды. Тіректерді құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна.