Астана-Баян-Өлгий бағытында келе жатып өртенген автобуста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша бас басқармасының мәліметінше, өртенген автобустың барлық жолаушысы Қазақстан азаматтары болған. Олар кеше Ресей-Моңғолия шекарасын кесіп өтіп, көлік компаниясы берген қосымша автобуспен Баян-Өлгийге сапарын жалғастырды.