Астаналықтарға жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ сотталды. Сотталушы өзін кооператив иесі екеніне сендіріп, үй алуға көмектесемін деп иландырған. 41 жастағы әйел, тіпті, кеңсені жалға алып, әлеуметтік желілерде жалған жарнамасын белсенді түрде таратқан. Алаяқ «Отбасы», «50-де 50», «Тез арада бөліп төлеу» және «Жинақ» деген бағдарламаларды ойлап тауып, сол арқылы тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетуге уәде берген. Осылайша, салымшылар алаяқтың арнайы ашық шотына ақша аударған, өз пайдасын көздеген ол активтерді кейбір инвесторлардың есебінен тарту арқылы Астана, Ақмола облысы, Ақтау және Атырау қалаларынан кезекте тұрған басқа тұрғындарға баспана сатып алып берген.