Кішкентай Абдулла 2024 жылы 11 мамырда Ақтау қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болған. Баланың ата-анасы бүлдіршіннің дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болғанын алға тартады. Бір жасар Абдулла Өтегеннің қызуы күнде көтерілетін болған. Баланың әкесі Ермек Нұрбаевтың айтуынша, оларды алдымен учаскелік педиатр қараған, бірақ дене қызуы түспей, балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілген.