Атырау облысының тұрғыны атасынан қалған қос ұңғылы аңшы қаруын заңсыз сақтаған. Сол үшін оған 73 мың 840 теңге айыппұл салынды. Қызылқоға аудандық сотының мәліметінше, құқық бұзушы С. шаруа қожалығында 16 калибрлі, «Б» маркалы, қос ұңғылы аңшы қаруын заңсыз сақтап келген. Бұл қару ішкі істер органдарында тіркелмеген.