Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді.