Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Полиция іс қозғады. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тамыздың 18-де түнгі сағат 02:50 шамасында болған. «Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып кетті, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Осы оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ведомстводан.