Атырауда базар ішінде зейнеткерді ұрып өлтірген күдіктіге қатысты сот отырысы басталды. 39 жастағы жеке кәсіпкер кінәсін ішінара мойындап отыр. Қылмыс маусым айында болған. Марқұм Амандық Сағынғалиев «Газель» машинасымен жеңіл көлікті сырып кеткені үшін, күдікті оны өлімші етіп сабап тастаған.