Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы катарлық компанияға сатылатын болды. Тоз-тозы шыққан стратегиялық нысанға 30 жылдан бері түріктер иелік еткен. Енді үкімет әуежай акцияларын ерекше инвестициялық жоба ұсынып отырған QazAir Investments LLC компаниясына бермекші. Катарлық инвесторлар тар транзит аумақтан жаңа терминал салып, көлемін кеңейтпекші. Бұған дейін Атырау әуежайы арқылы жылына бір миллион жолаушы ұшып-қонса, жаңа кешен арқылы олардың саны 3 млн-ға жетеді деп жоспарлануда.