Атырау облысында 21 кәсіпкердің қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсағаны анықталып отыр. Енді олар грант қаржысын бюджетке қайтарады. Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметіне сүйенсек, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп.