Атырауда 15 жасар қызды еріксіз тұрмысқа бергені туралы ақпарат тарады. Жергілікті полиция аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты тергеу ісі жаңғыртылады.