Атырауда серіктестік директорынан 6 млн теңге пара алған шенеунік 4 жылға сотталды. Бұл іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды. Күдіктіге қомақты мөлшерде пара беруге итермелеу (ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі), алдау және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталғаны үшін (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары) айып тағылған.