Атырауда ата-ана балабақша тәрбиешісінің үстінен шағым түсірді. Анасы баласының балабақшаға барғаннан кейін үшінші күні денесінен көгерген жерлерді анықтаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Әйелдің айтуынша, баланың аузы ісіп, көгерген.