Атырауда екі жігіттің бірі итті бағанаға байлап, артынша ұрған. Ал, екіншісі итке жанармай шашып өртеген. Сот итті өлтірген екеудің бас бостандығын 6 айға шектеді. Бұл теріс әрекет жұртшылықтың наразылығы мен түрлі пікіріне арқау болды. Жергілікті полиция күдіктінің бірін қамауға алған еді. Аталған қылмыстық іс Атырау облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Өйткені, сотталушының бірі кәмелет жасына толмаған.