Атырауда мал сататын базарда өлген сиырдан сібір жарасы анықталған еді. Енді осы базарда жұмыс істейтін бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл деректі Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев растады. Оның айтуынша, «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою пункті аумағында өлген малдан сібір жарасы табылған. Осыған байланысты 20 қарашада аталған базарда карантин енгізілді.