Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмекке бармақ болған тұрғынды өзінің жүк көлігі басып қалды. Оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бадам елді мекеніндегі темір жол станциясында болды. Қоғам белсендісі Диас Нұрақынның жазуынша «хово» жүк көлігін вагонға тиеп жатқанда көлік доңғалағы тайып кетіп, иесін басып қалған. Салдарынан 7 баланың әкесі 37 жастағы азамат оқиға орнында қайтыс болды.