Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған дзюдошы аруларға көлік сыйлады. Атырауға Париж Олимпиадасына бақ сынаған дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова оралды. Әлемдік додада Әбиба Әбужақынова бесінші орын алған еді. Ал, Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды. Кейін командалық сайыста да қарсыласына есе жіберді.