Былтыр Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың 192 жобасына қаржы берілген. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың мәліметіне сүйенсек, биыл қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 83 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген несие беріледі.