ҚР Көлік министрлігі карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салуға қатысты түсінік берді. «2022 жылы «Автомобиль көлігі туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген жалпы салмағы белгіленген нормадан асып кетсе, жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарда жүктерді тасымалдауға тыйым салу ескерілген. Қазіргі кезде министрлік жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша ауыр салмақты (жүксіз салмағы 12 тоннадан асатын) осындай көліктермен жүктерді тасымалдауға тыйым салуды енгізу мерзімін 2025 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бөлігінде тиісті жұмысты атқарып жатыр», - деді.