Ішкі істер министрлігі Алматыда көліктерді тіркеу бойынша қылмыстық схеманың жойылғаны туралы мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды қолдан өзгерткен жерасты цехының жұмысы әшкереленген. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталған.