15 жыл бірге тұрып сыйыспай, ақырында өлтіріп, 15 жылға қамалды. Алматыда Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуіне үкім шықты. Әйелін өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін сот оны кінәлі деп тапқан. Сотталушының аффект жағдайында қылмыс жасадым деген уәжі де дәлелденген жоқ. Жәбірленуші тарапқа жалпы 20 миллион теңге моральдық шығын өтеуге де міндеттелді. Қыста болған қылмыстың нүктесі бүгін қойылды. Бұған дейін «қызымызды асқан жауыздықпен өлтірді» деген Әл-Бейненің жақындары бұрынғы күйеу баласын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірақ сот Сабыржан Зариповтың әйелін өлтіргенін мойындағаны үшін жазасын жеңілдетіпті.