Сауда және интеграция министрлігі ӘҚБтК-ке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін асырғаны үшін бизнес өкілдеріне әкімшілік жазаны қатаңдату жөнінде түзету әзірледі. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова 3 қыркүйекте өткен ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте өзгерістер жобасы бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілгенін, құжат жақында Мәжіліске жіберілетінін айтты.