Бишімбаевтың соты тікелей эфирден беріліп жатқаны белгілі. Қазақстандықтар аты шулы сот процесіндегі ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады. Марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мәйіт суреттерін эфирге шығаруға және жариялауға тыйым салуды сұрады. Судья Айжан Құлбаева бұл өтінішті қанағаттандырды.