ҚР Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау қылмысы үшін қанша адам сотталғанын айтып берді. «2021-2023 жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаумен және оларды жезөкшелікке тарту бойынша 13 қылмыс тіркелді. Нәтижесінде 12 адам жазаның әртүрлі мерзіміне (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) сотталды, бір күдікті үй қамағында».