Елде баланың денсаулық паспорты электронды нұсқаға ауыстырылады. Бұл құжатты баласы мектепке не балабақшаға баратын ата-аналар міндетті түрде толтырып, тапсыруы тиіс. Онлайн жүйеге медициналық мәліметтер енгізіледі. Цифрлы жобаның тағы қандай артықшылығы бар? Баланың электронды денсаулық паспорты ата-ананы ең алдымен қағазбастылықтан арылтады. Онлайн жүйеде профилактикалық екпелер мен скринингтердің қорытындысы жазылады. Қазір дәрігерлер білім беру ұйымдарына баратын балалардың құжатын толтырып жатыр.