Қысқы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана берілмеген. Осыған орай, спортшылар сотқа талап арыз жолдады. Р., Н. және К. 2024 жылы Эрзурумда (Түркия) өткен қысқы Сурдолимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар уәкілетті органға жүгінген. Алайда оларға коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беруден бас тартылды.