Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында ресейлік әскери техниканың жүргені туралы әлеуметтік желіде бейнежазба таралды. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен мәлім еткеніндей, аталмыш аудан аумағында халықаралық келісімшартқа сәйкес Ресей Федерациясы Қазақстаннан жалға алған полигон жері бар.