Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 291,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға — 635,1 млрд теңге қарастырылды. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 млн 364 мың адам.