Базарларда импортталған ет мүлде сатылмайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.«Атамекен» ҰКП съездалды жиыны кезінде журналистер вице-министрден өзімізде мал шаруашылығына жеткілікті жайылым, қолайлы климат бола тұра, Уругвай, Бразилия секілді алыс шетелдерден не себепті ет таситынымызды, ол еттер қайда жұмсалатыны жайлы сұрады.