Қазақстанда бедеулік деңгейі 16-17% пайыз. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі барысында Вячеслав Локшин мәлім етті. Белгілі отандық ғалым, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, қазір орташа есеппен бедеулік жиілігі – 17 пайыз және бұл көрсеткіштің өздігінен азаю үрдісі байқалмайды. Диагностиканың қазіргі заманғы әдістерінің дамуы бедеуліктің нақты себептерін анықтап, оны емдеу жолдарын іздеуге көмектеседі. Бедеуліктің 40%-дай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесі жұмысына байланысты. Ал аралас бедеуліктің жиілігі 30%-ды көрсетеді.