Осы жылдың 1 желтоқсанына дейін Әлеуметтік әмиянға кіретін мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілуі тиіс. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігі жыл соңына дейін Заң жобасына тиісті нормалардың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша нормаларды қамтамасыз етуі қажет. Цифрлық даму министрлігі Еңбек, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік әмиянның енгізілуін қамтамасыз етсін. Тиісінше, 1 желтоқсанға дейін Әлеуметтік әмиянға кіретін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту керек», - деді Үкімет басшысы.