Премьер-министр Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады. Шанхайда мүдделі тараптардың кездесуі өтті. Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов Қытайға ресми сапары аясында Шанхайда қытайлық кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Қазақстандық делегацияның келу бағдарламасына ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі Ли Цянмен кездесу және VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне бару кіреді.