"Қазгидромет" синоптиктері 27 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып, соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр бар. Тек шығыста, орталықта, Түркістан, Павлодар, Жетісу облыстарында негізінен жауын-шашын жаумайды.