Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған Бақытжан Байжанов үкімнің күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраған еді. Алайда Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы өтінішін қайтарып алған.