Бишімбаев ісі: сот Ресейден келген сарапшылардың қорытындысын енгізуден бас тартты. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыстық істі қарауды жалғастыруда. Бүгін судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттары тартқан ресейлік мамандардың қорытындысын іс материалдарына енгізу туралы өтініш бойынша шешім шығарды.