Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында жымқыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңдерінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан бюджет қаражатын жымқыру схемалары ашылды. Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтарды бақылау және алдын алу тетіктерінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің біркелкі болмауына байланысты көптеген фактілер мүмкін болып отыр», — деп жариялады агенттік.