Сот істерін қарау кезінде судьялардың заңдылықты бұзу жағдайлары жиі кездеседі. Кейін шығарылған шешім қайта қаралады. Адам ақталады. Ал қаржы министрлігі салық төлеушілердің есебінен өтемақы төлейді. Алайда ақпараттық кеңістікте қате өкім шығарған ақпаратты көрмейміз. Статистика бар. Бірақ, жағымсыз болса да Сенат төрағасы сұраған соң жайып салуға тура келді. Биыл өрескел қателік жіберген 21 судья жауапқа тартылды. Ал, былтыр 9 судьяға осындай айып тағылған.