«Қазгидромет» күздің қазіргі қара суығы мен ерте жауған қарына қарап, тұрғындарға уайымдаудың қажеті жоқ дейді. Себебі қыста еліміздегі ауа температурасы қалыпты нормада болады деп күтілуде. Желтоқсан мен қаңтарда еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысында күндіз ауа температурасы минус 12, ал Солтүстікте түнде 45 градусқа түсуі мүмкін. Батыс пен оңтүстік аймақтарда күндіз 0 градус, түнде -35 градусқа дейін аяз күтілуде. Ал ақпанда күн күрт жылынуы мүмкін.