«Елімізде шұғыл медициналық көмек көрсететін бірқатар жеке медициналық ұйым бар. Олар жеделділік санаттары бойынша шақыртуды ажыратпайды. Яғни, бұл - дәрігерді ақылы негізде үйге шақыру қызметі. Сонымен қатар жедел медициналық көмек көрсету - мемлекеттің кепілі, еліміздің азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтауға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету. Ал бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.