Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студенттің мүрдесі бір айдан кейін табылды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 2003 жылғы жігітті өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғынын ұстады.