Батыс Қазақстан полиция департаментінің ғимаратында полиция қызметкері оқ жарақатын алды. Полицей жансақтау бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол облыстық полиция департаменті ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қаруынан өзін атып алған.