Орал қаласында алаяқтықпен айналысқан 42 жастағы тұрғын ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш алаяқ өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.