2025 жылдан мемлекеттік білім грантының саны емес сапасы мен көлемі арттырылады. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. «Гранттардың саны ұлғайып келе жатыр. Оның өзіндік үрдісі, тәртібі бар. Біз демографиялық өсімде алдын ала қаперге алуымыз қажет. Сондықтан гранттардың санын жыл сайын сәл өсіріп отырамыз. Бірақ, келесі жылдан бастап гранттардың санын емес, сапасы мен көлемін ұлғайтамыз. Гранттардың құны жыл сайын арттырылады», -деді министр.