Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті. «Сонымен қатар ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға және «академиялық туризмге» айналдырмау керек. Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіндігін қарастыруға тиіс», - деді Президент.