Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарады. «Таңертең Direct-ке осындай видео келді. Онда Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың тұрғанын көрдім. Оның бостандығы шектелген және оған қосымша талаптарды орындау жүктелген. Бірақ, видеодан оның заңға қайшы әрекет етіп, талаптарды сақтамағанын байқауға болады», - деп жазды заңгер Анна Чернова Instagram-дағы парақшасында.