Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі 1 аптада 49 рет жол ережесін бұзып, 1,2 миллион теңге айыппұл арқалаған. Оны Абай облысының полиция қызметкерлері ұстады. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлім етуінше жол ережесін жиі бұзған жүргізуші – «Қорғау» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықталған. Оның көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылған.