Жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен. Бұл жайлы Бала құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, жыл сайын биік үйлердің терезесінен құлап түскен балалар саны өсіп келеді. Мәселен 2023 жылы — 59 қайғылы оқиға, ал 2024 жылдың 4 айында −14 жағдай болған.