Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің жалпы отырысында Біріккен Араб Әмірліктерінің коммерциялық банкі Қазақстанда әмбебап банк ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Заңнамаға қаржы нарығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған заң жобасын таныстырған агенттік басшысы дәл қазір елімізде үш халықаралық банк өз филиалын ашып жатқанын айтты.