Үкіметте елді бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның бесінші сағаттық белдеуіне өтуінің артықшылықтарына тоқталды. Сауда министрі 2024 жылдың 19 қаңтарында үкімет елде 5-ші уақыт белдеуін қолдану туралы шешім қабылдағанын еске салды. Тиісті өзгерістер «Уақытты есептеу тәртібі туралы» қаулыға енгізілді.