«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар ҚР басым бөлігінің күн райына әсер етеді, соның салдарынан түнде жауын-шашын, шығыста қатты жаңбыр, қар жауады, елдің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр өтеді.